Телекоммуникация жөніндегі сынақ зертханасы

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ  

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің «Телекоммуникация жөніндегі сынақ зертханасы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК-да Телекоммуникация жөніндегі сынақ зертханасы сынақ зертханасы (бұдан әрі – ТСЗ) жұмыс істейді.

ТСЗ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

ТСЗ негізгі мақсаты – құрылымданған кабелдік желілер құрамына кіретін, кабелдік өнімдердің сапасын арттыру. ТСЗ ұйымның /өтініш берушінің өтініштері мен сауалнама-сұраулығы негізінде аккредитация саласына сәйкес олардың желілік және кабелдік стандарттар талаптарына сәйкестігі деңгейі мен жүйелердің техникалық сипаттамаларын анықтау арқылы кабелдік жүйелерді сынақтан өткізуді жүзеге асырады.

Ұлттық аккредитация орталығымен берілген, 2008 жылғы «24» қарашадағы № KZ.И.00.0271 Аккредитация аттестаты «ТТСТО» РМК телекоммуникация жөніндегі сынақ зертханасы сынақ зертханасы Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінің талаптарына сәйкестігін куәландырады (ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007).

СЫНАҚТАР ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР:

  1. Өтініш телекоммуникация объектісін (құралын) сараптамалық бағалауды жүргізу үшін ресімделеді.
  2. Сауалнама сыналатын үлгінің сипаттамасын анықтау үшін толтырылады және құпия (ҚКЖ(мыс кабел) болып табылады.
  3. Сауалнама сыналатын үлгінің сипаттамасын анықтау үшін толтырылады және құпия (ҚКЖ(оптикалық-талшықты)) болып табылады.
  4. Сынақтан өткізу үшін өткізілетін сынаққа байланысты, материалдар жинағының ұсынылуы қажет     

Сынақтар өткізілудің аяқталуына қарай СЗ бағдарламалық құралдарды сынақтан өткізу нәтижелерін және ескертулер мен ұсынымдарды куәландыратын, Хаттама қалыптастырылады.

ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗБЕСІ

Кабелдік өнімді сынақтан өткізу:
Кабелдік өнімді сынақтан өткізу оның техникалық сипаттамалары мен оны желілік және кабелдік стандарттар талаптарына сәйкестігі деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Консалтингтік қызметтер:
Тапсырыс берушінің аумағында жобалық командада жұмыс үшін сарапшылар-талдаушылар беру.

Сынақтар өткізу үшін берілетін материал:

  • Мыс желілер үшін
  • Кабелдің белгілері
  • Кабелдің типі
  • Өлшем шегі
  • Таратудың номиналды жылдамдығы
  • Берілген параметрдің төменгі резерві
  • Оптикалық желілер үшін
  • Кабелдің белгілері
  • Кабелдің типі
  • Оптикалық талшықтың негізгі параметрлері (оның ішінде геометриялық параметрлері, кеңжолақтылығы бойынша санаты)
  • Толқынның номиналды жұмыс қашықтығы
РМК "Телекоммуникация саласындағы техникалық cүйемелдеу және талдау орталығы"
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі