
АЖ, БӨ, БК мен НТҚ Депозитариясы
Ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен НТҚ депозитарийі туралы
Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық және нормативтік-әдістемелік құжаттамаларын есепке алу мақсатында Ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама депозитарийі жұмыс істейді.
Ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама депозитарийі ақпараттандыру саласындағы сүйемелденуші бағдарламалық және нормативтік-әдістемелік құжаттармен бірге бағдарламалық өнімдердің даналарын жинақтау мен сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ бағдарламалық өнімдер мен құжаттарды есепке алу және ұдайы сақтаудың бірыңғай жүйесін құруға, оны иесі жоғалтқан жағдайда құқылы сатып алынған бағдарламалық өнімді ауыстыруға, тұтынушыларды бағдарламалық өнімдер және оларды әзірлеушілер туралы ақпараттандыру, мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету.
Депозитарийдің міндеттері бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық және нормативтік-әдістемелік құжаттаманы сақтау және жинақтау, жүйелендіру, жинау және депозиттелген бағдарламалық өнімдер тізілімін жүргізу болып табылады.
Депозиттік сақтау объектілері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қағаз және электрондық тасымалдағышта ұсынған бағдарламалары, ақпараттық жүйелері мен нормативтік-әдістемелік құжаттамасы болып табылады.
Депозитарий қалыптастыру Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың мемлекеттік тіркеліміне ұсынған мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
Байланыс телефоны: 8-7172-484-369 Факс: 8-7172-793-190









