АР мен АЖ Мемлекеттік тіркелімі

Электрондық ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі - АЖ және АР Мемлекеттік тіркелімі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы №1124 қаулысымен бекітілген, электрондық ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстар және депозитарийлер мемлекеттік тіркелімін жүргізу Ережелеріне сәйкес, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстар иелерінің жыл сайын ұсынылатын мәліметтері негізінде қалыптасады және жұмыс жасайды.

Электрондық ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың мемлекеттік тіркелімінің міндеттері ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды жүйелендіру, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын Мемлекеттік тіркелімнің мазмұнындағы ақпаратпен ақпараттандыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды біріктіру үшін ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды әзірлеушілерге ақпарат ұсыну, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстар арасында дерек алмасу болып табылады.

Электрондық ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың мемлекеттік тіркелімі базасын қалыптастыру электрондық және қағаз тасымалдағыштарда ақпараттандыру және байланыс туралы Қазақстан Республикасының агенттігіне ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың иелерімен жыл сайын ұсынылатын ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың тіркелуі туралы өтінімдер негізінде жүргізіледі.

Құрылуы мен әзірленуі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы аумағындағы мемлекеттік мәліметтер базасы, ақпараттық жүйелер, Web-сайттар мен мәліметтер беру желілері міндетті мемлекеттік тіркеуге және есепке алуға жатады. Мемлекеттік емес мәліметтер базасын, ақпараттық жүйелерді, Web-сайттар мен мәліметтер беру желілерін мемлекеттік тіркеу аталған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың жеке меншік иелерінің бастамасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды мемлекеттік тіркеу ресурс иесінің өтінімі негізінде жүргізіледі.

Қағаз тасымалдағыштағы тіркелу өтінімінің түпнұсқасы өтініш беруші ұйымның мөрімен расталған және басшысының қолы қойылған тіркелу өтінішімен бірге, сондай-ақ электрондық түрдегі (магниттік тасымалдағыштарда) тіркелу өтінімдері тапсырыс хатпен (бандерольмен) төмендегі мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне жолданады немесе қолма-қол тапсырылады:



Байланыс телефоны: 8-7172-484-369 Факс: 8-7172-793-190

РМК "Телекоммуникация саласындағы техникалық cүйемелдеу және талдау орталығы"
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі