
Жалпы мәліметтер
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі №362 қаулысына сәйкес құрылды.
Қызметтің негізгі түрлері
Радиожиілік спектр мен радиоэлектрондық құралдар мониторингі, радиоэлектрондық құралдар мен радиожиілік берудің ұлттық деректер қоры жүйесін сүйемелдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құрылғылардың радиоэлектрондық құралдарының электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына ықпалдастырылған, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеуге қатысу.
Миссия
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы заманауи құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының байланыс және телекоммуникация саласын, мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздік инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға ықпал ету.









