Департамент Радиомониторинга

Қызметтің негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасының аумағындағы радиомониторингтік жүйелерді техникалық сүйемелдеу міндеттерімен 2008 жылдың қазан айына дейін ҒБРО АҚ 7(жеті): Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Жезқазған, Талдықорған қалаларындағы радиобақылау пункттері айналысты. Алайда бұл елдің радиомониторинг қызметінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері орындауы үшін жеткіліксіз еді.

Радиомониторинг жүйелерін сүйемелдеу функциялары «ТТСТО» РМК-на тапсырылғаннан кейін Республиканың барлық облыстық орталықтарында РБП пунктерін ашу маңызды міндетке айналды. 2009 жылғы қаңтардан бастап еліміздің тағы 12 қаласында РБП пунктері ашылды. Осылайша олардың саны 19-ға жетті.

РМК "Телекоммуникация саласындағы техникалық cүйемелдеу және талдау орталығы"
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі